Атаулы әлеуметтік көмекке қандай өзгерістер енгізілді?

Атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін анықтауға қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29901 теңге.

Осыған байланысты I тоқсанда кедейшілік шегінің мөлшері 20931 теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы) болып қабылданды.

Атаулы көмек шартты және шартсыз түрде тоқсан сайын тағайындалатын болады.

Оның мөлшері отбасының барлық мүшелеріне кедейлік деңгейі мен жан басына шаққандағы орташа табыс мөлшерінің айырмасы ретінде анықталды.

Атаулы көмекке өтініші білдірген кезде, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына, яғни тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналасу, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, оқуға, жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуы ескеріледі. Егер, еңбекке қабілетті отбасы мүшесі жұмыспен қамтудың белсенді шараларынан бас тартқан жағдайда, алты айға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығынан айырылады және алты айға дейін өтініш білдіре алмайды.

Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген уақытта бұрын бала күтімінде отыратын аналар 7 жасқа дейін отырса, биылғы жылдан бастап бала күтімі 3 жасқа дейін болып белгіленді, яғни баласы 3-ке толған ана жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуы тиіс.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде – бір жастан алты жасқа дейін балалары бар отбасыларына:

тиісті оқу жылы кезеңінде – орта білім беру ұйымдарында оқитын алтыдан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар шартты және шартсыз ақшалай көмек алушылар қатарындағы табысы аз отбасыларға ұсынылады.

Бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама ішінде:

азық-түлік жиынтықтары ай сайын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде немесе тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезеңіндегі айлық жиынтық санынан кем емес мөлшерде беріледі;

тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады.

Бұл ретте баланың жасын ескере отырып, азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезде және оны тағайындау кезеңінде көрсетілетін баланың жасына байланысты анықталады.

Орта білім беру ұйымдарында оқитын алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама әр балаға:

атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектеп формасы немесе спорттық киім жиынтығы;

атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларына жылына бір рет берілетін мектепке қажетті құралдар жиынтығы;

оқу жылы ішінде мектептегі күндері оқу орнында бір реттік ыстық тамақтану;

«Қазақстан Рсепубликасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша ұсынылатын қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тасымалдау кезінде билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру.

Гүлжан ЖҰМАЛИЕВА,

аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT