Атом электр станцияларын дамыту — еліміздің энергетикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Бүгінгі таңда энергия тұтыну деңгейінің артуы мен қоршаған ортаны қорғау талаптарының күшеюі жағдайында балама әрі таза қуат көздерін дамыту ерекше мәнге ие.
Осы тұрғыдан алғанда, атом энергетикасы — ұзақмерзімді және тиімді шешімдердің бірі. Қазақстанда алғашқы атом электр станциясының құрылысы күн тәртібіне шықса, енді екінші және үшінші станцияларды салу мәселесі де өзектеніп отыр. Бұл ретте жобаға қажетті технологиялар мен қауіпсіздік стандарттарын енгізу аса маңызды.
Сондай-ақ, Қытаймен арадағы стратегиялық серіктестік атом энергетикасы саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға жол ашып отыр. Бұл өз кезегінде тәжірибе алмасу, жаңа технологиялар трансфері және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қадамдар еліміздің таза, үнемді әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз энергия көздеріне көшуге үлкен серпін береді. Сондықтан да атом энергетикасын дамыту — тек экономикалық мүдде емес, сонымен қатар ұрпақ болашағы үшін қабылданатын стратегиялық шешім.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі

