«Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін «Атырау-Ақпарат» медиа-холдингінің жаңа директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

«Атырау-Ақпарат» ұжымына жаңа басшыны Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Ысқақ Егембердиев​ 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

2000-2004 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. ​ Одан кейін ​ 2005-2007 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының “Сарыарқа”, “Мысты өңір”​ газеттерінде тілші болып бастаған.

2003-2004 ж.ж.​ “Қазақ университеті”,​ “Жас Алаш”​ газеттерінің тілшісі қызметтерін атқарған.

2005-2019​ жылдары аралығында​ “Хабар” агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі болып еңбек еткен.

2019 сәуірінен бастап «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарып келді. Қазіргі уақытта «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі - 2 облыстық, 7 аудандық газеттерді, 11 сайтты және үлкен баспахананы біріктіріп отырған үлкен құрылым.

Қазіргі уақытта холдингте дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет медиа дамып келеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521