«Атырау-Астрахан» тасжолының 60 шақырымы биыл пайдалануға берілмек

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы мен Атырау облысы әкімінің тікелей бақылауындағы Ақтөбе-Атырау- Астрахан (Ресей шекарасы) автомобиль жолының 616-833, 853-893 шақырым аралықтары қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметі.

Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахан» (616-893 км) тасжолының 60 шақырымы биыл пайдалануға берілмек. Оның 20 шақырымы (833-853 км) аяқталған. Қалған 40 шақырымы үшінші тоқсанда дайын болады деп күтілуде. Әзірге жұмыс бекітілген кестеге сай жүруде. Сондай-ақ, айналма жол салу жұмыстары да жалғасуда. ​

Айта кетейік, «Сине мидас Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Тодини Констракшн Дженерали» акционерлік қоғамы (АҚ) – мердігер ұйымдар болып табылады. Олар жол құрылысын 226 жұмысшымен және 78 арнайы техникамен қамтамасыз етіп отыр. Ал, тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» АҚ Ұлттық компаниясы.

Жолдың 60 шақырымы (893-833 км) республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қалған 217 шақырымда жер қазылып, жол негіздері орнатылуда, коммуникация желілері ауыстырылуда. 25 су өткізу құбыры қайта жаңартылып отыр. Жұмысқа 367 адам мен 183 техника жұмылдырылған. Келесі жылы пайдалануға берілмек. ​

Айтпақшы, жағымды жаңалық, осы жылы 46 шақырым жолда қозғалыс ашылады деп жоспарлануда. Қазір бөлшектеу мен монтаждау жұмыстары жүріп жатқан «Қорған» көпірі де жаңа жылдан қалмай іске қосылмақ. Ал, 648-693 шақырым аралығы 75 пайызға біте қалды. Тұщықұдық пен Аққыстау кенттеріне 17 шақырым айналма жол салынды. Келесі жылдың мамырында аяқталады.

Одан әрі, 693-753 шақырым аралығы 45 пайызға, уақытша айналма жол салу 60 пайызға орындалып отыр. Учаскеге тасжол-бетон зауыты мен топырақ араластырғыш қондырғы алынды. Келер жылдың тамызына қарай аяқталмақ. Соңғы 753-833 км аралығы да 46 пайызға бітіп тұр. Келер жылдың аяғында тұрғындарды қуантатын болады. Ендеше, тақтайдай тегіс «Атырау-Астрахан» тасжолының қызығын көрер күн де алыс емес.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика