Атырау аумағында шектеу күшейтілді (Жаңа қаулы)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Атырау облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуын төмендету бойынша қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы» №52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасын және 148-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, республикалық Rt репродуктивті орташа санының жоғары өсуіне, сондай-ақ Атырау қаласында бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың 7,5% - дан астам өсуін ескере отырып, Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуының алдын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

8) жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;

2-тармақтың 16) тармақшасы, мынадай редакцияда жазылсын:

16) азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін;

2-тармақтың 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

21) күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат ету;

2-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

22) қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек "үйге жеткізу" қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етілсін;

2-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

24) ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне тыйым салу;

2-тармаққа 1.1.) тармақшасы қосылып, мынадай редакцияда жазылсын:

Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушылар темір жол тасымалдары тоқтатылсын.

2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

25) бизнес орталығы объектілерінің (адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот приставтары және басқалары) қызметіне тыйым салынсын;

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы 2020 жылдың 11 шілдесінде 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Жұмағалиев

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика