Атырау ауылдарын еріген қар суы басып жатыр: Құтқару жұмыстары жүргізілуде

26 ақпан күні сағат 15.30-дан бастап, Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелері бойындағы 25-30 см болатын еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары сағат 19:19-ға дейін жүргізілді.

Барлығы 280 м3 су сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 6 қызметкері және 2 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылған. 

Сондай-ақ Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, 26 ақпан күні сағат 16:20-дан Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында 30 см болатын еріген қар суларын сору жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті және Аудандық әкімшілік қызметкерлері күшімен сағат 20:45-ке дейін жүргізілген. Барлығы 110 м3 су сорылды. 

Жарсуат ауылының Ж.Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30 см болатын еріген қар суларын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары Аудандық әкімшілік қызметкерлері күшімен сағат 20:45-ке дейін жүргізілді.

Барлығы 78 м3 су сорылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және 1 бірлік техникасы, Жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT