Атырау гарнизоны Абай орталығында Қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы, 41433 әскери бөлімі және қала әкімдігінің қолдауымен сарбаздар мен олардың ата-аналарына арналған ерекше кездесу өтті.
Шара барысында мерзімді әскери қызметін абыроймен өткеріп жүрген сарбаздар үздік нәтиже көрсеткені үшін марапатталып, каникулдық демалысқа жіберілді. Сондай-ақ олардың ата-аналарына басшылық тарапынан алғыс хаттар мен «Отан қорғаушының анасы» төсбелгілері табысталды.
Бұл игі бастама – сарбаз бен ата-ананың арасындағы шынайы байланыстың, құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісі.
Отан алдындағы борышыңды өтеу – абыройлы іс қана емес, болашаққа жасалған нақты қадам!