Атырау-Индер тас жолының 50 шақырымына жөндеу жұмыстары басталды

Облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының (Жайық өзенінің сол жағы) 117-167 шақырым арасына орташа жөндеу жұмыстары басталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

⁃Мердігер мекеме «Теміржол Құрылыс Атырау» ЖШС. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабаты алынып, айналма жол салу жұмыстары жүруде. Мұнда 14 арнайы техника мен 25 адам жұмылдырылды,- деді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.

Оның айтуынша, осы жылдың аяғына дейін көлік қозғалысына мүмкіндік жасау жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521