Атырау қаласында Жайық өзеніндегі су тасқынына қарсы іс-шараларға 140 бірлік техника жұмылдырылды

Атырау қаласында және Жайық өзені бойындағы ауылдық округтерде су тасқынынан қорғау мақсатында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Жағалауды нығайту жұмыстары қала маңындағы Атырау, Рембаза ықшам аудандарында және Еркінқала, Алмалы, Атырау, Дамбы, Қайыршақты ауылдық округтерінде жүргізілуде. Оған 10 кәсіпорын мен 3 кәсіпкерлік субъектісі тартылды.

 

Бұл жұмыстарға 139 бірлік техника жұмылдырылды (98 КАМАЗ, 18 тиегіш, 2 автогридер, 2 «Гидромек» тиегіші, 5 бульдозер, 7 экскаватор, 1 виброкаток, 6 каток), топырақ себу үшін 1318 рейс орындалды. Сондай-ақ, жұмыстар Жұмыскер, Геолог, Ақжар елді мекендерінде жүргізіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521