Атырау қаласындағы сенбілікте 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Жылыой ауданы әкімдерінің жұмысы жүйеге қойылмағанын айтып, нақты тапсырмалар берді.

- Биыл қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін абаттандыру мен күтіп ұстау қағидалары бекітілді. Осы ережелерді тұрғындар мен бизнес субъектілеріне түсіндіру қажет. Әр азамат абаттандыру ережелерін білуі керек. Ойын алаңдары мен демалыс орындарына ерекше назар аударуымыз тиіс. Ыстық ауа-райына байланысты субұрқақтар, скверлер мен алаңдарды тәртіпке келтіріп, ауылдық округ әкімдерін осы жұмысқа қосу қажет, әркім тәртіпті қадағалап, өз аумағында тазалықты сақтауы тиіс. Халықты профилактикалық жұмыстарға тартуымыз тиіс, - деді С. Шәпкенов.

 

Отырысты қорытындылаған облыс әкімі жауапты басшыларға аймақты абаттандыру, санитарлық тазалау туралы іс-шара жоспарын бекітуді тапсырды.

 

Бұдан бөлек, ойын алаңдарын, көпшілік орындар мен су бұрқақтарды тексеріп, кемшіліктерді анықталса, дереу қалыпқа келтіруді міндеттеді. Облыс әкімі аппаратына тазалық жұмыстарын жүргізу үшін координатор бекітіп, әр жұмысқа регламент әзірлеуді жүктеді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT