Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз

0 votes

Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз! 

“Ғылым”, “Мәдениет”, “Ақпараттық технологиялар”, “Бизнес”, “Медиа” бағыттары бойынша 2 гранттан 10 жасқа 1 000 000 теңге грант беріледі. 

 

▫️«Ғылым» - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

 

▫️ «Мәдениет» - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған; 

 

▫️«Ақпараттық технологиялар» - жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған; 

 

▫️«Бизнес» - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған; 

 

▫️«Медиа» - жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған. 

 

❗️Байқауға Атырау облысының 14-35 жас аралығындағы үміткерлер өтінім бере алады. 

 

📨Конкурстық өтінімдер 2024 жылдың 4-13 желтоқсаны аралығында электрондық нұсқада Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. поштасы арқылы қабылданады. 

 

📞Толығырақ: 8 775 824 19 04 (What'sApp)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT