Атырау мұнай өңдеу зауыты су тасқынына қарсы 9 шақырымға жуық бөгеттер салды

Жұмыстарға барлығы 44 900 қапшық, 256 орам полиэтиленді пленка, 2 002 құты монтаждау көбігі, 8 700 текше метр топырақ пайдаланылды.

 

Бұдан бөлек, АМӨЗ ұжымы табиғи апаттан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына қаржылай көмек көрсетті.

 

«Жөндеу-механикалық цехының жұмысшылары азаматтық белсенділік танытып, жерлестеріне көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударуға ниет білдірді. Зауыт ұжымы олардың бастамаларын қолдап, нәтижесінде үлкен игі іске ұласты. Қиын жағдайға тап болған отандастарымызға қол ұшын созу – әр қазақстандықтың міндеті», - деді «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Абзал Досжанов.

 

Бастама нәтижесінде 39,4 млн.тг көлеміндегі қаражат «Атырау» корпоративтік әлеуметтік даму қорының есепшотына аударылды. Қор мамандарының айтуынша, зауыт жұмысшылары жинаған ақша су тасқынынан жапа шеккен отбасыларға көмек көрсетуге, сондай-ақ жағалаудағы бөгеттерді нығайту үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521