Ірі мұнай компанияларының қызметкерлері қазақтың "Көрісу" мерекесін дәстүрлі түрде-ұлттық киіммен қарсы алды.
Көрісу мерекесі мәдени дәстүрлерді құрметтеу ғана емес, сонымен қатар мұнай компаниялары ішіндегі корпоративтік рухты нығайту тәсілі болды. Бүгінгі таңда өңірдің ірі жобаларында әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс істейді және мұндай мерекелер әріптестер арасындағы өзара түсіністікті, ұйымшылдық пен сыйластықты дамытуға ықпал етеді.
⁃ Біз үшін еліміздің мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту өте маңызды. Біздің компаниямызда қазақстандық құндылықтарды қолдайтын адамдар жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз және мұндай іс - шаралар бәрімізге дәстүрлерді сақтаудың бірлігі мен маңыздылығын сезінуге көмектеседі, - деді "Теңізшевройл" ЖШС үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімі бас менеджерінің орынбасары Хэймиш Полс.
Мұнай компаниялары қызметкерлерінің айтуынша, Көрісу мерекесі заманауи корпоративтік іс-шаралар мәдениет пен дәстүр элементтерін біріктіріп, корпоративтік атмосфераны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал ететіндігінің жарқын мысалы болды.
⁃ Бүгін біз өзіміздің мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге құрмет көрсету және шетелдік әріптестерімізге қолдау көрсету үшін ұлттық атрибуттармен жұмысқа келдік.
Аға тәлімгерлер тілектерімен бөлісті. Бұл ұжымды біріктіру үшін ғана емес, мұнай өндіру саласында жұмыс істейтін жастар арасында мәдени дәстүрлерді сақтау үшін де маңызды сәт болды, - деді ТШО-ның кәсіби және техникалық даму тобының жетекшісі Әлия Ақыш.
"Көрісу мерекесі" қазіргі заманғы бизнес пен индустрияландыру жағдайында да мәдени мұраны сақтау мен дамытудың маңыздылығын еске салды. Мерекелік іс-шаралар қарқынды жұмыс пен маңызды міндеттерге қарамастан, мұнайшылар өздерінің мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін бағалай білетіндігін көрсетті.