banner_damu

Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан түтін шықты

Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғысынан түтін шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 тамызда әлеуметтік желісінде «АМӨЗ» ЖШС зауытынан шыққан түтіннің фотосы тараған. Осыған байланысты департамент мамандары «АМӨЗ» ЖШС мен «Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалынан «Airkz» жүктемесінің ақпаратын сұратқан.

«Департаментке жолданған «АМӨЗ» ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, зауыттағы үлкен құбырдан шыққан түтін – каталитикалық крекинг қондырғысында азот оксидтерін кетіруге арналған кешенді блок. Бұл қондырғы жоғары октанды бензинге арналған компонентті шығарады. Каталитикалық крекингтің жану өнімдері әртүрлі технологиялық қондырғылардан бөлінетін газдардың жылуын пайдаланатын қазанда салқындатылғаннан кейін «түтіні бар құбыр» (Скруббер) жүйесіне енеді. Озон (О3) тотығу мен сумен жанасқанда өте жақсы еритін өнімге айналу үшін осы түтін газдарына алдын ала беріледі. Содан кейін скрубберде газдар күкірт оксидтерінен (SO2, SO3) толығымен тазаланып, тазартудың бірнеше сатысынан өтеді. Мұның нәтижесінде ластаушы заттары бар аэрозольді қоспа (катализатор шаңы және еріген сульфидтер, сульфаттар, күкірт оксидін алу нәтижесінде пайда болатын нитриттер) түзіледі. Мұның бәрі скруббер қондырғысынан шығарылады. Яғни, тамшылатып суару жүйесі арқылы қарапайым су буы болып шығарылғандықтан, атмосфераға және тіршілік иелеріне ешқандай қауіп төндірмейді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

«Казгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының ақпаратына қарағанда, мұнай өңдеу зауытынан түтін шыққан кезде атмосферада зиянды қалдықтардың рұқсат етілген шекті шамадан асуы тіркелмеген.

inform.kz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика