Атырау облыстық мәслихат депутаттары Эльмира Сапарова, Фатима Тулеева және Нұрлыбек Даралиев Исатай ауданына арнайы іссапармен келді.
Халық қалаулары білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін аралап, сала қызметкерлерімен кездесті. Жүздесулер барысында депутаттар мекемелердің жұмыс жағдайымен танысып, қызметкерлердің негізгі проблемалары мен ұсыныстарын тыңдады.
Іссапардың басты мақсаты – тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін тереңірек зерттеу, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға негіз болу. Сала өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салып, материалдық-техникалық базаны нығайту, кадр тапшылығы, еңбек жағдайларын жақсарту секілді бірқатар мәселелерді алға тартты.
Cағыныш ҚАЙЫР