banner_damu

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа экспозициялық залдар ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыстық тарихи-өлкетану музейінде екі экспозициялық зал - «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы», «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залы ​ ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Залдардың ашылу салтанатына Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты. 

«Тәуелсіз мемлекеттің құрылуы мен нығаюы тарихынан сыр шертетін материалдарды тоғыстырған, Елбасымыздың өмір жолын баяндайтын тарихи деректері мен қайраткерлік жолындағы барлық маңызды мұрағат құжаттары топтастырылған бұл экспозиция залының орны ерекше. Сонымен қатар, Қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында ашылып отырған «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» залының да ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше болмақ»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Білім және ғылым минситрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл залдың тарихи маңызын айтып өтті.

«Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» экспозициялық залында Алтын Орда кезеңімен тікелей байланысты ​ тарихи жәдігерлердің жаңартылған, консервацияланған нұсқалары көпшілік назарына ұсынылды. «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан тарихы» залында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тағылымға толы өмірінен мағлұмат беретін деректер бар.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика