Атырау облыстық құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Атырау облыстық құрылыс басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып Басаров Тимур Кенжебайұлы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Тимур Басарұлы 1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыстық техникумын бітірген.

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін "құрылыс бакалавры" мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, «экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1998 жылы Орал қаласындағы өндірістік кооперативінде құрылыс шебері, құрылыс жөніндегі инженер лауазымынан бастаған. 2004 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметінде" жұмыс істеген.

2008-2016 жылдары бас маманнан Батыс Қазақстан облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет еткен.

Соңғы жұмыс істеген орны - Атырау қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы лауазымы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521