Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жанындағы Еріктілер (волонтерлар) кеңесі – түрлі бағыттағы волонтерлық қозғалыстарға қатысып жүрген мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесін дәріптеу, мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді.
Еріктілер кеңесі – мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын үйлестіруді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ерікті бастамаларын және осы саладағы заңнама талаптарының үйлесімдігін қамтамасыз етеді.
Осы тұста, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайту бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылып, бірқатар шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың І тоқсанында мемлекеттік қызметшілер қарттар үйлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалғызбасты қарт адамдарға, көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал топ санатының отбасыларына, қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған «Taza alem», «Qamqor» жобаларды және өзге де ерікті қызметтерді жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар, Еріктілер кеңесінің мүшелері донорлық шараларына да қатысып, ел ертеңі үшін өз үлесін қосуда.
Аталған бағыттағы шаралар алдағы уақытта да өз жағасын табатын болады.
Департаменттің баспасөз қызметі