Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 votes

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Дарын Дүйсембайұлы Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек өтілі:

 

02.2009-05.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы

 

05.2009-12.2009 жылдар аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

 

12.2009-09.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы

 

09.2012-25.10.2012 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі

 

10.2012-08.2017 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы

 

08.2017-04.2021 жылдар аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары;

 

04.2021- 14.2022 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

 

Тағайындалғанға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521