Атырау облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

Фото:https://www.gov.kz/

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Сәдібеков Бахытжан ИсламбекұлыАтырау облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Б.И. Сәдібеков прокуратура органдарында 2004 жылдан бастап қызмет етеді.

Кезең-кезеңімен Қызылорда облысының, Астана қаласының прокуратуралары және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында лауазымдар атқарды. 

Соңғы 4 жылда Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің Бақылау-әдістемелік басқармасының бастығы лауазымын атқарған.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

 

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT