Атырау облысында 15 мыңнан аса оқушыға мектеп компьютерлері пайдалануға берілуде

Атырау облысында оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева айтты.

- Қазіргі уақытта 16 639 оқушының компьютері жоқтығы анықталып отыр. Осы мәселені шешу үшін мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілуде. Бүгінде 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылып берілуде, - деді Алмагүл Қайырлиева.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521