Атырау облысында 32 оқушы ҰБТ-дан шеттетілді

Атырау қаласында 21 маусымда басталған ұлттық бірыңғай тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады.

Бұл тестті сәтті тапсырудың арқасында бітірушілерді ЖОО-да ақылы негізде әрі қарай оқыту немесе қалаған мемлекеттік грант алу анықталады.

Тест тапсырудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына арнайы мониторинг тобының өкілдері, "Атырау - Адалдық алаңы" жобалау кеңсесінің өкілдері және агенттік қызметкерлері кірді.

Аталған топтың негізгі мақсаты тестілеуді өткізудің "тазалығына" мониторинг жүргізу болып табылады. 24 маусымдағы жағдай бойынша Атырау облысында тыйым салынған заттарды алып өтуге және пайдалануға тырысып, 32 оқушы ереже бұзған. Кейбіреулер тіпті бүкіл оқулықты жасырын түрде алып кіруге тырысқан.

Осындай бұзушылықтардың қорытындысы бойынша тестілеуге жол бермеу және тестілеу залынан шығару актілері жасалды.

Атап айтсақ, Атырау қаласынан 12, Қызылқоға ауданынан 4, Мақат ауданынан 3, Индерден 4, Жылыойдан 6, Исатай ауданынан 2 жағдай тіркеліп отыр.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521