Атырау облысында 39 маман дипломмен ауылға аттанады

Аймақта «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық жерге жұмысқа орналасатын жас мамандардың басым бөлігі – Индер ауданында екен. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Елді мекендерде жұмыс істеуге өтініш беретіндердің басым көпшілігі - білім беру және денсаулық сақтау саласын бітірген мамандар. Атап айтар болсақ, өткен жылы аталмыш жоба аясында білім беру саласына 21, денсаулық сақтау саласына 8 адам тартылған. Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл 135 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.

- Қазіргі уақытта отыз тоғыз маманның өтініші мақұлданды. Жас мамандардың өтініш жіберуге әлі де мүмкіндіктері бар. Ол үшін қалалық және аудандық әкімдіктердің экономика және қаржы бөліміне немесе ХҚКО-на құжаттарын тапсыруы қажет.

Айта кетейік, 2020 жылы ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген мамандарға жергілікті бюджеттен 100 АЕК біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын-үй сатып алуға 1500АЕК бюджеттік несие қарастырылған.

Ақпарат Атырау облысының әкімдігінің ресми парақшасынан алынды

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT