Атырау облысында «42 500 теңге» алу үшін 1500-ге жуық өтініш түскен

Өңірде 2 140 қызметкерге әлеуметтік төлем тағайындау үшін жұмыс берушілерден 1 489 өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта штаб отырыстарында 403 жұмыс берушілерден түскен 412 өтініш қаралып, әлеуметтік төлем тағайындауға Азаматтарға арналған Үкіметке жолданды.

Бұған дейін ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла шілде айына берілетін 42 500 теңгені 5 санаттағы адамдар ғана ала алатынын мәлімдеген еді.

Олар жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер, дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын және БЖТ төлеуші жеке тұлғалар. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады, - деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш:

1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;

2) Enbek.kz порталы арқылы;

3) жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерден басқа адамдар үшін – электрондық үкіметтің telegram-bot-ы және 42500.enbek.kz aitu-bot порталы арқылы;

4) екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521