Атырау облысында биылғы 9 айда 76 жасөспірімнің жүктілігі тіркелген

Жасөспірімдер арасындағы жүктілік бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласындағы ең басты мәселе болып отыр.

jasosjuc

Бұл жайлы облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның Исатай ауданында өткен көшпелі отырысында сөз болды.

jasosju

– Биылғы 9 айда 76 жасөспірімнің арасында жүктілік фактісі тіркеліп отыр. Бұл сан көрсеткіш жылдың қорытындысында 74 болған еді, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Нина Оспанова. – Облысымызда 25 мың 919 жасөспірім болса, олардың арасында 76 оқушының жүкті болуы - алаңдатарлық жағдай. Осы орайда ерте жүктілік бала денсаулығына өте зиян екенін ескере отырып, жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өткім келеді.

Нина Оспанова ауданымыздағы ахуалға да тоқтала кетті. Оның мәлімдеуінше, былтырғы 9 айда ерте жүктілік бойынша 2 жағдай тіркелсе, биыл да 2 келеңсіз жағдай анықталған екен.

jasosjuct

- Бұл келеңсіздікті қалай тоқтатамыз? Мектеп жасында жүкті болу, ерте неке қию, салдарынан заңсыз дүние есігін ашып жатқан сәбилер – бұл қоғамның дерті болып отырған жағдайлар. Бұл проблеманы бұрын да көтердік, «Не істейміз?» деген сұраққа жауап іздедік. Алайда, ешқандай нәтиже жоқ, - дейді Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары Жансұлу Төремұратова. - Қыз бала тәрбиесінің төмендігі – отбасындағы ана мен қыздың қарым-қатынасының өз деңгейінде болмауынан деп ойлаймын. Өйткені, бойжете бастаған қыз бала анасына көкейіндегі ойын, айналасындағы ортасы, өзінің ішкі сырын еркін жеткізе алатындай болуы тиіс. Ал, анасы оған өз өмір тәжірибесінен түйген ақыл-кеңесін айтып отыруы қажет, - дейді ол.

Бұндай жағдайға көбіне-көп әлеуметтік әлсіз топқа жататын немесе жайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер тап болады деген пікірлер де бар екен. Ал, облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасың өкілі Орынгүл Кушкалиева бұндай пікірмен келіспейтіндігін айтады. – Облыста он айдың қорытындысымен ерте жүктіліктен бөлек, сексуалдық сипатта 30 қылмыстық іс тіркелді. Соның ішінде зорлау фактісі бойынша тіркелген 5 хатта бірде-бір күдікті жасөспірім жоқ. Керісінше ересек адамдар, тіпті, жақындары. Мәселен: қыздың туған әкесі, нағашысы, жездесі, енді бірі бірге жүрген жігіті. Ал, 122 бап бойынша, яғни 16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жүкті қылу бойынша 19 қылмыс анықталса, өкінішке орай олардың 4-еуіне жасөспірімдер қатысты болса, олардың бәрі де толық және жоғары білімді азаматтардың отбасынан екені анықталып отыр.

jasosjucti

Облыс бойынша есепте тұрған жайсыз отбасылардың есебінде тұрған 180 шаңыраққа арнайы түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыратынын айтқан департамент өкілі олардың арасында бұндай жайсыздық орын алмағанын жеткізді.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521