Атырау облысында блок бекеттер қойыла ма?

Атыраулықтарды жақында облыс аумағында блок бекеттер қойылуы мүмкін бе деген сауал мазалап жүргені рас. Өйткені, аумақтағы ахуал өте қиын.

Дегенмен, желілерде тараған бейресми ақпараттың жалған екені белгілі болды. Ол туралы atr.kz сайтында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің хабарлағаны жарияланды.

“Атырауда блок бекеттер қойылмайды. Бірақ, эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатса, қосымша қатаң шектеулер енгізілуі мүмкін.  Қазіргі таңда енгізілген карантиндік шектеулерден екі апта ішінде өтуіміз керек” деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауға Премьер министр орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет комиссиясы келді" делінген мақалада.

Өз тілшіміз{jcomments on}

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521