Атырау облысында екі күнде 2 адам суға кетті

Бүгін, яғни, 21 маусымда Атырау облысында суға кеткен екінші жағдай тіркелді.

Оқиға Атырау қаласынан 13 шақырым жерде Талғайран ауылында, Жайық өзенінде орын алды.

Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы күшімен сағат 16:10-нан бастап арнайы жабдықталмаған жерде суға батып кеткен 2000 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді. Сағат 17:05-те суға кеткен жас жігіттің денесі табылып, судан шығарылды. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД ЖҚЖ-ның 7 қызметкері, 1 бірлік техника және 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

21062001

Естеріңізге сала кетсек, 21 маусымда, таңертеңгі сағат 8:30-дан бастап, Махамбет ауданының Ақтоғай ауылдық округінде Жайық өзенінің бойында Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен 1989 жылы туылған ер адамды іздестірген болатын.

Белгілі болғандай, бұл «Казводхоз» РМК Атырау филиалының сорғы станциясының машинисті, ол бір күн бұрын, 20 маусымда, 19:00-де арнайы жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.

Айта кетейік, Атырау облысы ТЖД ЖҚЖ-ның 4 қызметкері, 1 техникасы, 1 жүзу құралы және аталған мекеменің 10 қызметкері мен 1 жүзу құралының көмегімен ер адамның денесі табылып, судан шығарылды. Атырау облысы ТЖД арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылмауды ескертеді. Бұл сіздің өміріңіз үшін қауіпті болуы мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521