Атырау облысында "Игілік" бағдарламасы аясында 25 мектеп пен балабақша салынды

Теңіз кен орнының ашылғанына 45 жыл толу қарсаңында ТШО компаниясы "Игілік" бағдарламасының қорытындыларын жариялады.

Мәселен, 1999-2024 жылдар аралығында Атырау облысының аумағында 25 білім беру нысаны салынды.

Олардың ішінде 15 балабақша, 8 мектеп және 2 гимназия бар.

Атап өтерлігі, "Игілік" бағдарламасын жүзеге асыру коронавирустық пандемия кезінде де тоқтаған жоқ.

2023 жылы "Игілік" ерікті әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында Атырау облысында жалпы саны 600-ден астам орындық екі мектеп салынып, пайдалануға берді.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласының Береке шағын ауданында 600 орындық жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521