Атырау облысында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылуда

 

Бүгін Атырау облысы бойынша экология департаменті Табиғи ресурстар басқармасымен, коммуналдық қызметтермен және полициямен бірлесіп тазалау бойынша кезекті акция ұйымдастырды. Жұмыстар Арнайы техника мен коммуналдық қызметкерлерді тарта отырып, "Жонеген" зиратының жанында өтті.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ деректері бойынша ағымдағы жылы облыста 40 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері тіркелген: 19 - Атырауда, 13 - Жылыой ауданында, 7 - Махамбет ауданында және 1 - Мақат ауданында. Бүгінгі таңда Атырауда 5, Жылыойда 13, Махамбетте 3 және Мақат аудандарында 1 қоқыс орны тазартылды.

Департамент заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша рейдтер мен жұмыстар барлық анықталған ошақтар толық жойылғанға дейін жалғасатынын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT