Атырау облысында жыл басынан бері 467 мас жүргізуші ұсталды

Жыл басынан бері мұнайлы өңір полицейлерімен 467 мас жүргізуші ұсталды.

Ішімдік ішіп көлік тізгіндегендердің 370-і - облыс орталығы Атырау қаласында ұсталғандар. Барлық құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 608-бабы - "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев атап өткендей, 46 адам мас күйінде көлік жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар жүргізуші куәлігі де болмаған. Құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 346-бабы бойынша жүргізіліп, жауапқа тартылды.

Сонымен қатар, әуесқой көлік жүргізушілер арасында мүмкіндігі шектеулі мүгедек адамдар (төртеуі), үш жүкті әйел, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі жасөспірім де болды. Мысалы, 15 шілдеге қараған түні облыс орталығында тәртіп сақшылары "Nissan Juke"көлігін тоқтатып, жүргізушісі 32 жастағы аяғы ауыр жүкті азаматша ішімдік ішкен күйде екендігін анықтады. Мамандандырылған Әкімшілік сот қаулысымен азаматша жүргізуші құқығынан айырылды.

Осы жайттан бір аптадан кейін, түн ішінде қаладағы Сәтбаев-Пушкин көшелерінің қиылысында 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған "Nissan Tiida" маркалы автокөлік тоқтатылды. Жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірімнің сараптама қортындысы мас күйінде болғанын анықтады. Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылып, әкімшілік сот оларға 27 780 теңге айыппұл салды. Сонымен қатар, ата-анасына қатысты ӘҚБтК-нің 442-бабы - "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша хаттама рәсімделіп, ювеналды сотқа жіберілді.

Облыс полицейлері осы жылғы 11 қаңтардан бастап көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жаза күшейтілгенін еске салады. Мұндай заң бұзушыларды жол апатын жасамай-ақ, 15 тәулікке қамау жөнінде әкімшілік жаза тағайындалып, 7 жыл мерзімге жүргізушілік құқығынан айырылады. Ал қайталанған жағдайда, қамау мерзімі 20 тәулікке дейін, ал көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру 8 жылға дейін ұзартылатынын ескертеді.

Атырау облыстық Полиция Департаменті

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21