Атырау облысының әкімі праймериз жайлы пікір білдірді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тәуелсіз ел тарихында алғаш рет өткелі отырған партияішілік сайлау – праймериз туралы пікір білдірді.

Пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған аймақ басшысы бұл жаңашылдықты Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың өзі «қайта жаңғырудың» басты кезеңі ретінде бағалағанын айтады. «Еліміздің белгілі саясатттанышулары мен белсенді азаматтары мен озық ойлы жастары да бұл жаңашылдықты қуана құптауда. Партияның бұл бастамасы Қазақстанның соны серпінмен дамуына мүмкіндік берері сөзсіз. Партияішілік сайлау шын мәнінде әрбір азамат үшін — нақты әлеуметтік лифт екені айқын. Бұл — тың ұсыныстар мен жаңа ойлардың іріктеліп, қоғам қазанында қайнаған мықтыларға өз жоба-жоспарын жүзеге асыруға берілетін әділетті жолдама іспетті» деген облыс әкімі праймериздің негізгі мақсаты - әділдікті басшылыққа ала отырып, шынайы таңдау жасау екендігін атап өтті.

«Өкінішке қарай, коронавирустың қауіпі әлі де бар. Сондықтан партияішілік сайлау қауіпсіздікке байланысты жаңа технологиялардың әлеуетін негізге ала отырып өткізіледі.

Атырау облысында Праймеризді дайындау және өткізу мақсатында 1 облыстық және 8 аумақтық ұйымдастыру комитеті құрылды. Олар бүгіннен бастап Праймеризге қатысқысы келетіндерге кеңес беру және өтініштерді қабылдау бойынша жұмысын бастады. Дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу, оның қорытындыларын шығару мақсатында 8 аумақтық және 84 учаскелік есеп комиссиялары жасақталды.

Облыстық және Атырау қалалық, аудандық партия филиалдары бойынша праймеризді дайындау мен өткізу іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, Call-орталықтар іске қосылды» делінген жазбада.

Сондай-ақ, облыс бойынша бұл маңызды науқанға қатысқалы отырған барлық үміткерге сәттілік тілеген Махамбет Досмұхамбетов облысымыздың нағыз мемлекетшіл тұрғындарын праймеризге қатысып, бақ сынауға шақырды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521