Атырау облысының әкімі әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашты

М.Досмұхамбетов «Facebook» және instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты.

Бұл туралы ол парақшасында жариялады.

"Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

«Facebook» және instagram әлеуметтік желісінде жеке парақшамды аштым. Себебі, жаңа медиа сөзсіз жаңа дәуірдің тиімді байланыс құралының біріне айналды. Тілін білсе әлеуметке пайдасы көп әлеуметтік желіні біз де игілігімізге жаратуымыз керек. Сондықтан мұнда жасап жатқан жұмыстарымыз жайлы, облысымыздың тыныс-тіршілігі мен аймақтағы айтулы жаңалықтарды бөлісіп отырамын. Бұл парақшаны сіздермен тікелей байланыс орнату үшін де таптырмас мүмкіндік деп санаймын" дейді облыс басшысы фейсбук желісінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521