"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әртүрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Бірқатары тұрғын-үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.
Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді. Өңір басшысының азаматтарды онлайн қабылдауына қатысқан лауазым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.