Атырау облысының әкімі озат оқушылармен кездесті

«Еркін форматтағы кездесу Абай орталығында өтті. Бұл туралы аймақ басшысы «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Тәуелсіздікке 30 жыл: Мәңгілік елдің дарынды ұландары» атты кездесуге қатысқан әр оқушының өзіндік жетістігі бар. Олар жас та болса халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері.

«Индер ауданынан келген Қахарман Шерхан атты оқушы өзі құрастырған ұшағын көрсетті. Әр оқушының көзінен білуге, үйренуге деген от пен білім-ғылымға деген үлкен құлшыныс пен құштарлықты көрдім. Біздің де басты мақсатымыз — «жанам» деген жастарға жағдай жасау. Келешегіміз кемел болу үшін — өңірдің білім саласын дамытуға айрықша ден қоюдамыз. Биыл білім сапасын арттырудың үш жылдық «Жол картасын» әзірледік. Оны Н.Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе жүзеге асырып жатырмыз. Сондай-ақ былтыр облыстық Білім беру басқармасының жанынан Таланттарды анықтау және қолдау орталығын құрдық. Бұл бағыттағы жұмыстарды бір сәт те тоқтатпаймыз. Білім-білігі мықты жастарымыз көп болсын» деп жазды Атырау облысының әкімі Фейсбук желісіндегі парақшасында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521