"Атырау-Орал" тасжолында жол апаты болды. Қаза тапқандар бар

16 шілде сағат 00:30 шамасында "Атырау-Орал" тасжолының Атырау қаласына кіре берісінде "Toyota Camry" көлігінің жүргізушісі 1999 ж.т. азамат басқару жүйесін игере алмай аударылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Оқиға салдарынан екі жолаушы оқиға орнында мерт болып, көлік жүргізушісі мен бір жолаушысы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде қаза болған. Қазіргі кезде тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 345-бабының 4-бөлігімен жүргізілуде.

Атырау облысы Полиция Департаменті

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521