Атырау полицейлері "қиын" жасөспірімдерді тексерді

Атырау облысы полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен өткізілген «Түнгі қала» (3-5 желтоқсан) жедел профилактикалық іс-шарасы аясында, полицейлер ІІО-ның есебінде тұрған балалардың жағдайын тексерді.

"Шара барысында есепте тұрған 101 қолайсыз отбасы мен 36 әр-түрлі санаттармен есепте тұрған кәмелетке толмағандар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерілді", - деп хабарлады облыс полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Берік Амангелді.

Ювеналды полиция инспекторлары жасөспірімдермен өрт қауіпсіздігінің алдын-алу, осы отбасылардағы кәмелетке толмағандардың білім алуы, ерте жүктіліктің алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға облыс білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет басқармалары мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдері қатысты.

Аталған мекеме мамандарынан құралған комиссия мүшелері бас бостандығын шектеу жазасымен сотталған және арнайы білім беру ұйымынан келген балалар мекен- жайларынан тексеріліп, профилактикалық сұхбаттар жүргізіліп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастамасымен демеушілер тарапынан азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Есепте тұрған балалардың әлеуметтік оңалту мәселесін шешу бойынша жұмыстар жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521