Атырау соттарында жаңа судьялар жұмысқа кірісті

 

Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов жалпы отырыста судьялар корпусына облыстың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен Алтыналиева Мөлдір Даулетбекқызы, Ишахатова Әйгерім Әділқызы Атырау қаласының №2 сотының судьясы лауазымына, Құралбеков Асылжан Сейітжапарұлы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымына, Аязов Алмас Құралбекұлы, Қонысбаев Жақсылық Жахангерұлы Атырау облысы Жылыой аудандық сотының судьясы лауазымына, Құлманова Аида Жалғасбекқызы Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Мөлдір Алтыналиева 1991 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. М.Өтемісов атындағы БҚО мемлекеттік университетін бітірген.

Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2013 жылы Атырау қаласының №2 сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастап, кейін қызметін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымында жалғастырып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Ишахатова Әйгерім 1991 жылы Атырау облысында туған. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2013 жылы Астана қаласының соттарында бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастап, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Асылжан Құралбеков 1989 жылы Қарағанды облысында туған. Қарағанды қаласының экономикалық университетін бітірген.

Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы лауазымынан бастаған. Кейін заңгерлер кеңесінің мүшесі ретінде еңбек етті. 2024 жылы Астана қаласының қорғаушылар алқасының қорғаушысы лауазымында болып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Алмас Аязов 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын бітірген.

Сот жүйесіндегі өз еңбек жолын 2004 жылы бастап, Оңтүстік Қазақстан облысы соттарында түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2023 жылы Кентау қаласы Қарнақ ауылы округі әкімдігінің заңгері лауазымында болып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды.

Жақсылық Қонысбаев 1992 жылы Жамбыл облысында туған. Астана қаласының Тұран университетін бітірген.

Өз еңбек жолын 2019 жылы Жамбыл облысы әкімдігі бөлімінің бас маманы лауазымынан бастаған. Әр жылдары Жамбыл облысының және Астана қаласының соттарында түрлі лауазымдарда болып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

Аида Құлманова 1988 жылы Қызылорда облысында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Өз еңбек жолын ЖШС-де заңгер болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласының және Қызылорда облысының соттарында жетекші маман, бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, кеңсе меңгерушісі лауазымдарында болып, қазіргі тағайындалуға дейін қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.

М.Парменов судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың сот төрелігіне деген сенімді нығайту жолындағы қызметіне сәттілік және судьялық антқа адал болуды тіледі.

 

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT