Атырау әуежайы күшейтілген санитарлық талаптардың жағдайында қызмет атқаруда (+ВИДЕО)

Қазақстандағы ішкі рейстердің қайтадан жандануы мамыр айынан басталды.

Санитарлық талаптарға сай, жұмыс жағдайын жаңадан жасақтаған әуежай жолаушыларды қабылдауды бастап кетті. Ал, тікелей халықаралық әуе қатынастарына келсек, Атырау әуежайы бүгінде тек Амстердам және Ыстамбұл қалаларымен ғана байланысын сақтаған.

Санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес, жолаушылардың, шығарып салушылар мен қарсы алушылардың термометриясын әуежайға кіре берістен тексереді. Күту залында да өзіндік ережелер бар: антисептиктермен қолдарды шаю, бетперде тағып жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау. Жолаушыларды тіркеу және жүктерді рәсімдеу орындарындағы бағандардың, орындықтардың айналасында сызылған сызықшылар қауіпсіздік шаралары туралы тағы бір еске салғандай. Әуекомпаниялардың өкілдері жолаушылардың жүріс- тұрысын қадағалауды назардан тыс қалдырмауға тырысып жүр, терминалдың өн бойына орнатылған антисептиктермен қолдарды шаюды ұмытпауды еске сала береді. Халықаралық рейстердің барлық жолаушылары міндетті түрде санитарлық карантиндік қосыннан өтеді. Ал, әуе кемесі тұтастай дезинфекцияланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521