Атырауда 100 мың бекіре шабағы Жайыққа жіберілді

Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «CASPIAN ROYAL FISH» фермасының тоғанында 3-10 грамға дейін өсірілген 100 мың бекіре шабағы, атап айтқанда, сүйрік (стерляд) деген түрі Жайыққа жіберілді, деп хабарлайды Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі. ⠀

Зауыт ашылған 2014 жылы Башқұртстаннан 15 мың бекіре тұқымдас балық әкелінді. Польшадан орыс бекіресінің 100 мың дана уылдырығы алынып, зауыттағы бассейндерде өсірілді. Алты жылда бұл балықтардың салмағы 8-9 келіге жетті. ⠀

Жалпы, зауытта бағалы балықтың төрт түрі – орыс бекіресі, сүйрік, қорытпа мен сібір бекіресі өсіріледі. Арасында үш-бес жылдық балықтар да кездеседі. Серіктестік ұжымы балыққа қажетті жемді Польшадан алдырып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521