Атырауда 12 адам Covid-19 инфекциясын жұқтырған

Атырау облысында өткен тәулікте 12 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен -7, Исатай ауданынан - 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.

Өткен тәулікте инфекциялық стационарда емделіп жатқан 7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 81 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 14 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521