Атырауда 15 мың шаршы метр гүлзар пайда болмақ

Облыс орталығындағы Азаттық, Әбілхайыр хан және Сәтбаев даңғылдарында орамды гүлзар пайда болады.

Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, көктем мен жаз мезгілдерінде 12 мың шаршы метр жерге бірнеше мың гүл егілді. Олар: раушан, петуния, тагетис, цинерария, портулак, сальвия. Сондай-ақ, барлық көшелер мен саябақтарда ағаштарды әктеу, бағаналар мен арықтарды жөндеу, талдарды суару және 40 мыңға жуық ағашты баптау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 3000-нан аса тал отырғызылып, 700 метрлік сол аумақты ағаш шарбақпен қоршау жобасы да әзірленуде. Жаңадан отырғызылған ағаштар Тайманов пен Байжігітов көшелерінде, ал қоршау Сәтбаев даңғылының кей бөліктерінде бой көтереді. Бұл жұмыстар алдағы күз мезгіліне жоспарланып отыр.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521