Атырауда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылады

«Бүгін Атырау облыстық сотында облыс соттарының 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті», - деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Кеңес облыс судьяларының қатысуымен онлайн-режимде өтті.

Кеңес барысында сот алқасының төрағалары Тәтті Уалиева мен Манат Комиршинов баяндама жасап, сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі кезеңдеріне тоқталды.

Тәтті Уалиева қылмыстық істер бойынша жұмыс сапасына тоқталып, жарты жылда облыс соттарымен 10 тұлға ақталып, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда сотқа келіп түскен қылмыстық істер мен қысқартылған істер санының едәуір азайғанын айтты. Есепті кезеңде медиатордың қатысуымен 22 қылмыстық іс қаралған.

Манат Комиршинов есепті кезеңдегі статистикалық мәліметтерге тоқталып, 6 айда облыс соттарымен 5 462 азаматтық іс қаралғанын айтты. Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырғанда татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралған азаматтық істер саны 477 іске артқанын, нәтижесінде барлығы 997 іс қаралғанын, сондай-ақ 342 әкімшілік іс медиация тәртібінде аяқталғанын айтты.

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот коллегиясының төрағасы Анаргүл Салихова өз баяндамасында қатысушылардың назарын ӘРПК-тің негізгі ерекшеліктеріне аударып, енгізілген Кодекстің маңызды айырмашылықтары, сондай-ақ жаңа соттың қызметі және алдағы міндеттері туралы айтты. Әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыру, әкімшілік істердің соттылығы мәселелеріне ерекше назар аударды.

Судья әдебі жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы туралы облыстық соттың судьясы С.Қ.Хасан баяндап, судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар туралы айтты.

Қорытындылай келе, М.Комиршинов сот жүйесін жаңғырту бойынша облыста жасалып жатырған жұмыстарға нақтырақ тоқталып, соттардың 2021 жылдың екінші жартыжылдығына арналған міндеттері мен жоспарларын анықтады.

Сондай-ақ, облыс судьяларының назарын сот актілерін шығару кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қатаң сақтауға және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға, судья әдебі нормаларын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және соттардың беделін көтеру бойынша қабылданып жатқан шараларды күшейтуге аударды.

Жаңа әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы мен әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алдағы жұмысына ерекше назар аударылды. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521