Атырауда: 3 жерге 60 доза есірткі жасырған (+ВИДЕО)

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау қаласының әртүрлі аудандарында құпия - орын жасады деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстады.

- Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде Атырау қаласының тұрғынының уақытша тұрып жатқан мекен-жайынан ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын дайындап өлшейтін түрлі құралдар табылып тәркіленді. Тергеуден соң күдікті қала аумағында 3 жерде жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні көрсеткен. Сараптама нәтижелері бойынша ол есірткі - пировалерон екендігі анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.

Айта кету керек, 2019 жылдан бастап электронды ақпараттық ресурстар арқылы есірткіні тарату жауапкершілігі күшейтілді. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, оларды жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, есірткіні тұтынуға көндіру ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, оларды жасағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Азаматтарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды насихаттағаны және заңсыз жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл әрекет үшін 3 жылға дейін, ауырлататын жағдайларда 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521