Биыл өңірде медицина саласына жаңадан келген 31 маманға біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Қазір тағы 68 медицина қызметкерінің құжаты қаралуда, – деп хабарлайды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірде дәрігер мамандарына қажеттілік 107 бірлікті құраған. Оның ішінде 39 маман аудандық медицина ұйымдарына қажет. Сұранысқа ие мамандықтар қатарында акушер-гинекологтар, терапевтер, жалпы тәжірибелі дәрігерлер және өзге де бағыттағы мамандар бар.
Кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023–2025 жылдарға арналған медицина қызметкерлерін өңірге тарту жөніндегі іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Мәслихат шешіміне сәйкес медицина қызметкерлеріне жұмыс орнына байланысты 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін біржолғы әлеуметтік қолдау көрсету көзделген.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа орналасқан дәрігерлер үшін «Отбасы банкі» АҚ арқылы 5 пайыздық жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы іске асырылып келеді. Аталған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін 43 медицина маманы тұрғын үймен қамтылған.


