Атырауда 30 жұмысшы ауыр жарақат алып, 4-еуі қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіровтің мәліметіне сүйенсек, өндірісте жұмысшылардың жарақаты алуы азаймай отыр.
«Өңірде жыл басынан бері 28 жазатайым оқиға тіркелді. Соның кесірінен 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алды. Ал, 4 адам қайтыс болды» - дейді Игілік Әубәкіров.
inform.kz