Атырауда 450-ге жуық тұтынушыдан арыз түсті

Арыз алдыңғы тоқсанға қарағанда 52 пайызға артқан , деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы брифингте Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Алем Уалиев мәлімдеді.

- Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне күні бүгінге дейін 457 арыз түсті. Оның ішінде 221 арызға түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, 209 арыз қанағаттандырылып, 23 арыз департаменттің құзыретіне жатпайтындықтан, тиісті құзырлы органдарға жолданды, - деді ол.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің өкімімен «Тұтынушылардың құқықтары мәселелері жөніндегі кеңес» құрылды. Кеңес құрамына 20 мемлекеттік органдардың басшылары енгізілген. Кеңес отырысын өткізу 4 тоқсанға жоспарланған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521