Атырауда 500 пәтер заңсыз тәулікке жалға беріліп келген

Атырауда жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалға берілетін пәтерлер мен үйлерде тұратын адамдардың тиісті құжаттарын және тіркелуін тексеру бойынша іс-шаралар жүргізуде.

№2 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Вокзал маңы ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйлерді аралап, пәтерлерді тексеріс барысында, салық органдарына тіркелмеген 5 пәтерді анықтады.

Әдетте тәуліктік, сағаттық және күнделікті жалға беріп, жалға алушылардың түнгі тыныштықты бұзуы бойынша, жергілікті тұрғындардың тарапынан наразылықтар көп туындайды.

jal-ui11

Сондай деректің бірі, СМП ықшамауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде орын алды. Осындағы тұратын 33 жастағы азаматтан, түн ішінде көршілерінің тыныштығын бұзып жатқандығы жөнінде полицияға хабарлама берген. Тексеру барысында, пәтерді тәуліктік жалға алған 4 азаматша анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 437-бабымен (сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан облыс орталығында учаскелік полиция инспекторларымен жалға берілетін 1800-ге жуық пәтерлерді тексеру барысында, салық органдарына тіркелмеген 500-ден астам пәтер иелері анықталып, жинақталған іс-құжаттар салық органдарына жолданды. Сондай-ақ, түнгі тыныштықты бұзған 1500-нан астам тұлғаға ҚР ӘҚбК-нің 437 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521