Атырауда 600 келіден астам бекіре балығы тәркіленді

Атырау облысында 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады.

Бұл жайлы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Атырау облыстық полиция департаменті қызметкерлері арнайы жедел операция барысында Құлсары - Сарықамыс тас жолы бойында аса ірі көлемде, жалпы салмағы 600 келіден астам бекіре балықтары тиелген көлікті ұстады. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық Кодексiнің 339-бабы "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" бойынша жүргізілуде» делінген хабарламада.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521