Атырауда 63 жоба 7 000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды

Атырауда 7 113 адам жұмыспен қамтылады. Олар 63 жобаның аясында жұмыс істейді.

«Бұл туралы бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облысында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы жиында белгілі болды. Селекторлық мәжіліске қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары қатысты, – деп хабарлайды» «Атырау» газетінің тілшісі Баян Жанұзақова Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке төтенше жағдай режимінен кейін әсіресе, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуды тапсырған болатын.

img-20200513-wa0157-1024x682133

«Осы ретте Атырау облысында 63 жоба аясында 7 113 жұмыс орынын құру жоспарланып отыр. «Жұмыс орындарының кемінде 50 пайызы жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы, жұмыссыздарға ұсынылуы тиіс. Осы мақсатта биыл «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 35 млрд. 308 млн. қаражат бөлініп отыр» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Басты мақсат – аймақтағы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу. Қосымша жұмыс орындарын ашып, оларды барынша тұрақты жұмыс орындарына айналдыру арқылы әр отбасының табыс көзін қамтамасыз ету» деген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрақты жұмыс көздерін ашып, бөлінген қаражатты мақсатты және уақтылы игеруді тапсырды» делінген мақалада.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521