Атырауда 6500 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған

Жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргіншілер қатары азаймай тұр.

Бұл туралы Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев атап өтті.

- "Патрульдік полицейлер жүргіншілерге белгіленбеген жерлерден өтпеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Соған қарамастан, жолды кесіп өтетін жаяу жүргіншілер қатары азаймай тұр.

Жаяу жүргіншілер көбінесе бағдаршамның қызыл түсіне мән бермейді. Жақында көлік нөпірі арасынан кішкентай баламен бірге жолды кесіп өткен жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

17 желтоқсан күні сағат 11:46 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан сауда үйінің тұсында 53-тегі азаматша 10 жастағы баламен белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп, өзіне ғана емес, балаға да қауіп төндірді. Аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 615-бабымен (жаяу жүргiншiлердiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) әкімшілік хаттама жасақталып, екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, құқық бұзушымен жол ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме әңгіме жүргізілді", - деді патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Нұрлан Сәрсенбаев.

Жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін 6500 жуық жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521